Шымкентте 4 жылда бір өтетін бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 100-ден аса спортшы жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сұрмергендер стенд атудың 8 бағыты бойынша өзара мықтыны анықтайды
Оның ішінде жекелей, командалық және аралас түрлері бар. Бас-аяғы 24 медаль жиындығы сарапқа салынады деп жоспарланып отыр.
Ересектер бәсекесімен қатар жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты да өтіп жатыр. Бұл өскелең толқынға тәжірибе жинап, шеберлік шыңдауға жақсы мүмкіндік дейді мамандар. Қазақстан спартакиадасының жалпы қорытындысы 1 тамызда белгілі болады.