Шымкентте синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды

24 Қазан, 22:02 459

ҰҚК-нің Шымкент бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

10 кг жуық дайын және 60 литр "а-PVP" сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Зарина Арман
Бөлісу: