29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкентте самокат мінген есірткі қойып кетуші ұсталды. Жігіттен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында түнгі уақытта қараңғы көшеде самокат айдап жүрген жас жігіт есірткімен күресушілердің күдігіне ілікті. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде полицейлер оның сөмкесінен бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ тапты.
Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған азаматтың пәтерін тінтіп, одан 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркіледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек