Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

8 Қазан, 19:00 447

Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Дәрігерлер әйелді табиғи жолмен босандырып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақ халаттылардың айтуынша, қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.  

Қала тұрғыны Альмира Жандарбекова 3 қазан күні Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентхана бөліміне  келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен. Нәтижесінде 4 қазан күні сағат 13:50-де салмағы 6 келі 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келген.

Бұл Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі. Алып сәбиге туыстары Тауекел деген есім берген.

Зарина Арман
Бөлісу: