Шымкент қаласында республикалық референдум жоғары белсенділікпен және ерекше мерекелік атмосферада өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz.
Наурыз мерекесі қарсаңында дауыс беру учаскелерінде ұлттық дәстүрге сай алтыбақан орнатылып, ән мен күй шырқалып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Учаскелерге келген азаматтарға бауырсақ ұсынылып, мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Жастар да ел болашағына бейжай қарамай, саяси маңызы зор референдумға белсенді қатысуда.
Жалпы, шымкенттіктер азаматтық жауапкершілігін танытып, дауыс беру процесіне белсенділікпен атсалысып жатыр.