Шымкентте құрылыстан шыққан өрт сөндірілді

Шымкентте құрылыстан шыққан өрт сөндірілді

Шымкентте құрылысы жұмыстары кезінде бірнеше қабатты пайдалануға берілмеген ғимараттан өрт шықты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Мегаполистің Абай ауданындағы Абылай хан көшесінде салынып жатқан 12 қабатты ғимараттың бірінші қабаты отқа оранды. Өрт 180 шаршы метр алаңдағы ағаш құрылыс материалдарын шарпыған. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынның ары қарай таралуына жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.