Өрт сөндірушілер Шымкент қоймасындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Шымкент қаласында кезекті шақырту келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, Қаратау ауданындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан макулатура жинау қоймасынан өрт шыққан.
Жоғарғы рангпен келген өрт сөндірушілер 120 ш.м. алаңда қойма шатыры мен ішінде сақталған макулатураның жанып жатқаны туралы баяндады.
Өрттің дамыған кезеңі, қатты түтін және көптеген жанғыш материалдардан туындаған үлкен өрт жүктемесіне қарамастан, өрт сөндірушілер өртті тез арада сөндірді, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер жоқ.