29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкентте қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жеткіншек аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында отбасылық жанжалдан кейін 15 жастағы баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізді. Азаматшаның айтуынша мұндай жағдайлар бұған дейін бірнеше рет қайталанған. Алайда ол бұл туралы полицияға шағым түсірмепті. Осы жолы баласының үйден кетуіне анасының мопед алып бермеуі себеп болған.
Жасөспірім кетер алдында ақ параққа анасын жақсы көретінін, оған жақсы бала бола алмағандығын, енді мұндай қателіктер қайталанбайтынын, тек мопед айдап бақытты болып жүргісі келгенін жазып көрсеткен.
Жоғалған баланы жедел-іздестіру жұмыстарына Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Бейнекамералар мен жасөспірімнің баруы мүмкін жерлер, сауда нүктелері мен қала көшелері тексерілді.
Бір жарым тәулікке жалғасқан іздеудің нәтижесінде тәртіп сақшылары ер баланы қаладағы тастанды үйлердің бірінде жасырынып отырған жерінен тапты.
Полицейлер жеткіншекпен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, ақымақтыққа бармау туралы ескертті. Ал әбден уайымға салынған ана погонды қызметкерлерге шынайы алғысын білдірді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек