Шымкентте қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды

9 Шілде, 23:09 556

Шымкент қаласының Арбатында жергілікті суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Шығармашылық саладағы 50-ге жуық шебер өз жұмыстарын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, басты мақсат – шеберлерге өнімдерін сатуға жағдай жасап, қолдау көрсету.

Қазіргі кезде елімізде креативті индустрия саласына ерекше назар аударылуда. Мемлекет басшысы өз жолдауында креативті экономиканы ауқымды дамыту үшін жағдай жасау, оның ішінде креативті индустрия өкілдеруіне қолдау шараларының кешенін әзірлеу міндетін қойды, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында қолөнершілер мен суретшілердің осындай жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Оларды барлық өңірлерде және тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. Жергілікті әкімдіктер кәсіпкерлерге мұндай алаңды тегін ұсынып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: