Шымкентте қайтарымсыз грант алғандар ақшаны қайтарып жатыр

2 Қаңтар, 02:10 23214

Биыл 452 азамат 1 млн 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. Қомақты қаржы көпбалалы отбасы, әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындарға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ал былтыр 1195 тұрғын грант иегері атанған. Оларды тексеру барысында 20 тұлғаның қаражатты мақсатсыз пайданғаны белгілі болды. Нәтижесінде сот шешімімен ақша қайтарылып жатыр.

Қазір грант алған тұлғалардың қаражатын неге жаратқанына мониторинг жасап жатырмыз. Алған ақшаны мақсатсыз жаратқандар бар. Олар қаражатты өзінің жағдайына қарай қайтарады, – дейді Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Перизат Саденова
Бөлісу: