Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 77 миллион шығын келтірген

23 Ақпан 2023, 09:53 849

Шымкенттегі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы тұрғын үй немесе көлік алуға көмектесуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПК «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"Еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды. Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

EL.KZ
Бөлісу: