Шымкентте полиция бөлімінің бастығы мен тергеушісіне пара алды деген айып тағылды

30 Мамыр 2023, 10:15 844

Шымкентте полиция бөлім бастығы мен тергеуші қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Күдіктілерге алдын ала сөз байласу арқылы қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды. Олар, жасаған қылмысын толықтай мойындады.

Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: