Шымкентте пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

24 Тамыз, 15:04 423

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының хаты негізінде Шымкент қаласы Жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШСке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде өндірістік базаны теміржол тұйығымен бірге жобалау мен құрылысын салу үшін арналған жалпы ауданы 0,3155 га жер учаскесі ұзақ мерзім бойы пайдаланылмай жатқаны анықталған.

Департамент тарапынан ЖШС-не жер заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы бір жыл мерзімде орындалуы тиіс нұсқама берілді.

Нұсқама талаптары орындалмауына байланысты Департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арызы берілді.

Соттың шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: