ТЖД-нің мәліметінше, 18 желтоқсанда сағат 14:10-да Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қонаев даңғылы, 91 үй мекенжайынан төтеншеліктерге өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Тұрғын үйдің 10 қабатында 17 шаршы метр аумақты қамтыған ас бөлмесі өртенген.
Өрт сағат 14:48-де жойылды. Баспалдақпен алып жүру арқылы екі адам құтқарылды. Баспалдақ арқылы 50 адам өз бетінше эвакуацияланды, -делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.