Шымкентте өгей әкесі 6 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді

25 Тамыз 2023, 10:45 917

Шымкентте 44 жастағы ер адам 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаға ұстатарлық оқиға туралы бүлдіршін анасына тек ертеңіне айтқан. Себебі әйел денсаулығына байланысты ауруханада болған екен. Сұмдық жайтты естіген келіншек дереу полицияға шағым түсірген.

Полицейлер дереу жедел әрекет етіп, күдіктіні ұстады. Одан бөлек, ер адамның пәтерінен 4 келі марихуана мен пластикалық бөтелкелер табылды. Қазіргі таңда жәбірленуші қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: