Шымкентте мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

16 Шілде, 22:42 513

Шымкент қаласының прокуратурасы ветеринария заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру нәтижесі бойынша өрескел бұзушылықтар анықталды, оның ішінде ветеринариялық қорытындылардың болмауы, зертханалық үй-жайлардың толық еместігі, сараптамаларды формальді түрде жүргізу, актілер шығару, материалдарды сақтау кезінде температуралық режимді сақтамау, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу.

Ветеринариялық-санитариялық зертханаларға қатысты қадағалау актісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 406, 419, 425-баптарымен 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 5,4 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Сонымен қатар ветеринариялық-санитариялық сараптаманы қайталап өткізу тәжірибесін тоқтату арқылы 1004 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

«Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның 6 қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Зарина Арман
Бөлісу: