12.03.2025
23:46
880
Шымкентте мопед жүргізушілері жазаланды

Шымкентте мопед жүргізушілері жазаланды

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, түнгі уақытта қала көшелерінде жүйткіп, жол қозғалысына қауіп төндірген 18-20 жас аралығындағы жасөспірімдердің әрекеті ЖБО камераларына түсіп қалды.

Құқық бұзушыларды ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берілді.

Жастар ӘҚБтК-нің алты бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.

Қолданыс талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айып тұрағына жеткізілді.