Шымкентте мектепке бомба қойылды

20 Қыркүйек 2022, 19:03 1715

Мектепті дүр сілкіндірген ақпарат жалған болып шықты

Шымкенттегі Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне бомба қойылды. Мектепті дүр сілкіндірген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары ақпаратты алған бойда ғимаратты қоршап, көшенің бір бөлігін жауып тастады. Оқушылар, оқытушылар және мектептегі өзге де қызметкерлер түгел эвакуацияланды.

«Бүгін сағат 12:23-те 102 арнасына белгісіз ер адам қоңырау шалып, Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жарылғыш қойылғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнын тексеру кезінде жарылғыш туралы жайт расталмады. Орын алған жағдай ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері мен қоңырау шалған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу: