08.06.2024
19:16
1126
Шымкентте көпір опырылып түсті

Шымкентте көпір опырылып түсті

Жаңаталап шағынауданында жол көпірі жартылай опырылып түсті. Бұл  халық көп қоныстанған елді мекенді қаламен байланыстыратын жалғыз көпір, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдай орнында апатты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Тұран ауданының әкімі таңға дейін жергілікті тұрғындарды айналма жолмен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Әзірге мүмкін болатын жалғыз жол – шаңдақты жол, ол шамамен 6 шақырым, дейді жергілікті тұрғындар. Көпір арқылы өтетін жолды полиция қоршауға алды.

Мамырдың бірінші онкүндігінен бастап қатты жауын-шашын болғаны белгілі, нәтижесінде Бадам өзені бойынша ең көп ағын 49.5 текше метр/с құрады, өзен арнасын көпірден 100-120 метр төменде жуу фактілері орын алған. Қазіргі уақытта өзендегі су шығыны 15.3 текше метрге дейін төмендеді. Оқиға орнында жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарына ЖАО (20 адам және 5 техника), ТЖД (5 адам және 2 техника) жұмылдырылды. Бұл учаскеде жүк автокөліктері үшін қозғалыс шектеулі (жеңіл автокөліктерге шектеулер жоқ).

7 маусым сағат 22:00-дегі жағдай бойынша көпір тірегі 1 метрге шөккен, көпір бойынша қозғалыс барлығына жабық, ескерту белгілері қойылды, осы көпір арқылы Шымкент қаласынан Жаңаталап тұрғын алабына (халқы 5000 адам) қозғалыс жүзеге асырылған.