Шымкентте көлік өртенді

23 Мамыр, 05:10 400

Шымкентте жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға 22 мамырда түнгі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтеншеліктердің мәліметінше, көліктің жүріс бөлігінде өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, қызыл жалынды сөндіріп үлгерген. 

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.  

Зарина Арман
Бөлісу: