Шымкентте КАМАЗ жүргізушісі көлікке қысылып қалды

1 Шілде 2023, 10:41 794

Шымкенттік құтқарушылар автокөлікке қысылып қалған жүргізушіні аман алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Абай ауданы, Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолының қиылысында «Алаш» базарының алдында жер асты жүру жолын салу орынында болған. «КАМАЗ» жүк көлігі бетонға соқтығысқан.

Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, нәтижесінде көлікке қысылып қалған 1989 ж. т. көлік жүргізушіні арнайы авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен шығарып алды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болған, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімдерінен 11 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: