Шымкентте ғалым радиация өткізбейтін материал ойлап тапты

27 Қараша 2023, 07:29 722

Қазақстандық ғалым радиация өткізбейтін теңдесі жоқ материал ойлап тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасының 2023 жылғы 26 қарашада жазуынша, ерекше материалды Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымы Анатолий Протопопов шығарған.

Әлемдік ірі корпорациялар бұл жаңалықты атом станциясын қауіпсіздендіруде таптырмас дүние деп бағалаған.

Жеңіл композитті материал болғандықтан, космостық радиациядан қорғау мақсатында ғарыш кемелерін, болашақтағы Марс колониялардағы тұрғын-жайларға жабынды ретінде қолдануға болады, – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ғалымдар адам миының атласын жасады. Ондағы мақсат – адам миының жұмысын, сондай-ақ Альцгеймер ауруынан депрессия мен шизофренияға дейінгі әртүрлі неврологиялық және психиатриялық аурулардағы процестерді жақсырақ түсіну.

Берік Арманов
Бөлісу: