Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 telegram-канал бұғатталды

4 Қараша, 14:48 375

Шымкент қаласы прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректеріy анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдары анықталды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 telegram-канал бұғатталды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ қала прокуратурасымен бұл бағытта жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: