Шымкентте есірткі тұтынып, көлік тізгіндеген жалған полицей ұсталды

13 Қаңтар, 07:13 826

Шымкентте есіртілік масаң күйде рөлге отырған ер адам ұсталды. Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған оның бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараз тұрғыны түнгі уақытта LED-жарық шамын таққан көлікті айдап келе жатқанда полицейлердің көзіне түскен. Тәртіп сақшыларына құжатын көрсетуден үзілді-кесілді бас тартқан ол өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, босатуды талап еткен.

Оқи отырыңыз:

Алайда шымкенттік полицейлер ер адамның бұл әрекетіне күмәнданып, медициналық тексеруден өтуін сұраған. Ұсталған азаматтың есірткілік масаң күйде болғаны анықталған.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша тіркелді. Сондай-ақ жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 230-бабы (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.  

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұған дейін бірнеше рет алаяқтық жасағаны, жүргізуші куәлігінсіз мас күйде көлік жүргізгені және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотты болған.  

Баян Әжмұхан
Бөлісу: