Шымкентте есірткі тасымалдаған екі қыз ұсталды

12 Ақпан, 16:16 2309

Шымкентте полицейлер есірткі тасымалдаушы екі қызды қолға түсірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға  Қаратау ауданында болған. Қыздардың біреуінен 10 пакет, екіншісінің қалтасында 5 доза мефедрон жасырылғаны анықталды. Қыздар аталмыш затты жасырылған жерге  тастап, клиенттеріне координаттарды жіберу керек болған.

Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Заслон» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде бес күннің ішінде Шымкентте 18 есірткі қылмысының жолы кесілді. Рейд барысында 506 есірткі граффитиі жойылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: