28.11.2024
12:44
683
Шымкентте ерекше балаларға арналған QH оңалту орталығы ашылды

Шымкентте ерекше балаларға арналған QH оңалту орталығы ашылды

Шымкентте ерекше балаларға арналған QH оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Онда нейро-ортопедиялық ақаулары бар балаларға кешенді оңалту жұмыстары жүргізіледі. 

ӨКҚ Instagram-дағы мәліметінше, бұл үшін орталыққа емдік дене шынықтыру және механотерапия залында аяқ-қолдарды дамытуға арналған "Балу жүйесі", "Террастейшн", "Тиго жүйесі", "Бос аппарат RT-300", "Корвит" нейросенсорлық медициналық құрылғылары орнатылған. "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен ашылған оңалту орталығында сенсорлық, интерактивті, шунгитті және тұзды шахта, кәсіптік терапия, физиотерапия және бальнеотерапия кабинеттері бар.

Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 оңалту орталығында жыл басынан бері 1843 балаға кешенді оңалту ем-шаралары жүргізілді. Мұнда неврологиялық ақауы бар 18 жасқа дейінгі балалар кардиохирургиялық, ортопедиялық оталардан кейін оңалту процедураларын қабылдайды.