09.03.2024
03:22
1614
Шымкентте ер адамды пойыз басып кетті

Шымкентте ер адамды пойыз басып кетті

Шымкентте 18-20 жас шамасындағы жігіт абайсызда пойыз астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүк пойызы оқыс оқиғадан кейін 20-30 метр жүрген соң ғана тоқтаған.

Қозғалыс қауіпсіздігінің ережесін өрескел бұзу және теміржол көлігін жүргізу кезінде соңы кісі өліміне әкелген жағдай бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.