19.12.2023
16:15
1057
Шымкентте ер адам сүйіктісінен 20 мың доллар бопсалаған

Шымкентте ер адам сүйіктісінен 20 мың доллар бопсалаған

Шымкентте бұрынғы сүйіктісінен 20 мың доллар бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттік әйел бұрын өзімен бірге тұрған ер адамның қорқытып жүргенін айтып, полицияға арызданған. Айтуынша, ер адам одан интим видеоларын интернетке жарияламау үшін 20 мың доллар талап еткен.

Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні 2 млн теңге алып жатқан жерінен ұстады.

Бұл дерек бойынша тергеу басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция мұндай жағдай болса, бірден хабарласуға кеңес береді.