Шымкентте ең биік ту туғырында көк байрағымыз көтерілді

25 Қазан, 19:00 473

Республика күніне орай Шымкентте қаланың көптеген нүктелерінен көрінетін жаңа символ пайда болды. Shymkent City шағын ауданында биіктігі 100 метрлік ту бағанасында мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлемі 30×15 метрлік үлкен Мемлекеттік ту қаланың ең биік нүктесінде желбіреп, патриотизмнің жаңа белгісі мен символына айналды.

Қала әкімдігі Tulip Hall орталығының жанына флагшток орнату бұл жерді жаңа көрнекті орынға айналдырғанын айтты. Жаңа флагштоктың биіктігі Ордабасы алаңындағы 50 метрлік флагштоктан едәуір асып түседі. Бұл Шымкент қаласының серпінді дамуын және қаланың жаңа биіктерге ұмтылуын көрсетеді. 

(Фото: Шымкент қаласы әкімдігі)

 

Перизат Саденова
Бөлісу: