09.08.2024
12:24
1237
Шымкентте екі қабатты ғимарат өртенді

Шымкентте екі қабатты ғимарат өртенді

Шымкент қаласының өрт сөндірушілері екі қабатты ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Қаратау ауданында екі қабатты коммерциялық ғимараттың шатыры өртенді.  

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде 200 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда, - делінген мәліметте

Ведомство төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.