16.02.2024
19:30
1262
Шымкентте «егіз» көліктер анықталды

Шымкентте «егіз» көліктер анықталды

Шымкентте ЖБО камералары «егіз» көліктерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, бейнебақылау инспекторлары қала жолдарында бірдей нөмір таққан екі Toyota Camry көлігін байқаған. Оларды ұстап, мән-жайды анықтау үшін патрульдік полиция экипаждары бағытталды.

Жүргізушілер бір-бірін жақсы танитын достар болып шықты. Досының көлігін көшірген 37 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның темір тұлпары айыптұраққа қамалды, - делінген мәліметте.

Құқық бұзушы ткөлігінен ғана емес, жүргізуші куәлігінен де айырылды. Жалған нөмірлі машинаны тізгіндегені үшін енді ер адамның бір жыл бойы көлік басқаруға құқығы жоқ.