Шымкентте Достық мерекесі тойланды

14 Қазан, 03:15 462

Шымкентте Орталық саябақа қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күніне арналған Достық мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік Әнұранмен бастау алған мерекелік іс-шара барысында «Ғунча» халық ансамблі, Сайрам музыка мектебі оқушыларының орындауында «Домбыра күйі», «Қазына» би ансамблінің «Достық» биі, "Узбегим" дайрашылар тобының «Доира зарби»  музыкалық композициясы сынды бірқатар жергілікті және көршілес Өзбекстаннан арнайы келген мәдениет майталмандары тұрғындар алдында өнерлерін көрсетіп, жұртшылықтың ақеділ алғысына ие болды.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова өз сөзінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеу бағытындағы қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаевтың тындырымды жұмысына алғыс айтты. Этномәдени бірлестіктің бірқатар белсенділеніне қала басшылығының Алғыс хаттарын табыстады.

Айта кетейік, бүгінде  1 миллион 244 мыңға жуық шымкенттік тұрғынның 15,8%-ын өзбек этносы құрайды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: