Шымкентте дәрігерлер 70 жастағы әжейге ота жасап, аман алып қалды

Бүгiн, 18:20 146

Шымкент қалалық №2 аурухананың дәрігерлері 70 жастағы әжейге күрделі ота жасап, аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

70 жастағы әже 10 желтоқсан күні кешке немерелеріне тамақ беріп жатып, кенеттен басы қатты ауырған. Лоқсып, есінен танып құлап қалған. Кішкентай немересі дереу 103 нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем шақырған.

Науқас қалалық №2 ауруханаға ес-түссіз жеткізіліп, шұғыл түрде бас миының КТ-сы жасалды. Тексеру нәтижесінде бас миының үлкен тамырында тромб тұрғаны анықталды. Уақытты жоғалтпай, ангиография арқылы жоғары технологиялық операция жасалып, тромб алынып тасталды. Науқас операция үстінде есін жинап, қазір жағдайы жақсы",-деп жазды желі парақшасында аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов.

Айта кетейік, күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы тегін жасалған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Позилов Бакытжан (@bakhytzhan_pozilov)

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: