02.11.2024
20:40
858
Шымкентте биыл 13 мыңға жуық адам қоғамдық ортаны ластаған

Шымкентте биыл 13 мыңға жуық адам қоғамдық ортаны ластаған

Шымкентте жыл басынан бері 12 935 адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабына сәйкес жауапқа тартылған. Оларға 179 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Осы ретте әкімдік полицейлер бейнебақылау камералары арқылы заңбұзушыларды анықтап, хаттама толтыратынын ескертеді. Егер ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша тәртіпсіздік орын алса, 5 АЕК (18 460 теңге), бұл заңбұзушылық екінші рет қайталсанса 10 АЕК (36 920 теңге) айыппұл  салынады.