Шымкентте бір мезетте 23 мыңнан аса адам әнұран орындады

4 Маусым 2023, 20:09 956
Шымкент қаласында футболдан Қазақстан чемпионатының 12-туры аясында "Ордабасы" мен "Атырау" командалары кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қалалық әкімдік мәліметінше, ойынның ашылу салтанатында Рәміздер күніне орай ҚР еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге орталық стадионға жиналған 23 мыңнан аса жанкүйер бір мезетте еліміздің әнұранын шырқады.
 
Көк туымыз қалықтаған аспан астында шабыт алған футбол шеберлерінің бұл ойыны тартысқа толы болды. Матч Ордабасылықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен бітті, - делінген мәліметте.
Берік Арманов
Бөлісу: