Шымкентте бір күнде 270-ке жуық қоғамдық автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

23 Қаңтар, 23:05 1035

Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде жол қозғалысы қағидаларын бұзған 268 тізгіндеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жауапқа тартылғандардың 45-і рөлде отырғанда ұялы телефон пайдаланған, 18 жүргізуші тасымалдау ережесін, ал 22-сі маневр жасау қағидаларын бұзған. Автобусты техникалық байқаудан өткізбеген 20 азаматқа хаттама толтырылды.

Жедел-профилактикалық шара кезінде бір көлік құралы айып тұраққа қойылып, автобус парктерінің 2 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: