Шымкентте байдарка және каноэде есуден спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті

2 Маусым, 20:45 857

Шымкентте байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарысқа жалпы саны 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біріншілікте 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер бақ сынады.  

Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан өзге Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған байдаркашы Сергей Емельянов та жас спортшыларға демеу беріп, болашақ жеңімпаздарға қолдау көрсетті.

Ашық біріншілікте 200 және 500 метрден тұратын (ұлдар, қыздар) 6 санаты бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы ұйымдастырушылар атынан диплом табысталды.

Айта кетейік, біріншілік қаладағы дендрологиялық саябақта алғаш рет өткізілуде.

Байдарка және каноэде есу спортын осы аумақта да дамыту жоспарда бар. Жалпы Шымкентте спорттың бұл түрі  қарқынды дамып келеді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@akimat_shymkent)

Зарина Арман
Бөлісу: