7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Шымкентте 1,5 млн теңгенің алтынын жымқырған бала күтуші ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай аудандық полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен құны 1,5 миллион теңге тұратын алтын әшекейлерінің жоғалғанын жеткізген. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, істің мән-жайын нақтылау барысында сол үйде бала күтімімен айналысатын 19 жастағы қыз күдікке ілінген.
Тәртіп сақшылары шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні Абай АПБ-на жеткізді. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша іс қозғалды. Белгілі болғандай, жас қыз әуелі үй иесінің неке жүзігін ұрлап, сатып жіберген. Кейін сөредегі алтындарға көзі түсіп, оны да қаладағы базарларға апарып өткізгені анықталды.
Күтуші өз кінәсін толық мойындап, бұл ісі үшін өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші келтірген материалдық шығынның толығымен өтелуіне байланысты, азаматшаға кешірім берді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?