01.12.2023
07:20
1428
Шымкентте әйел 20 пакет синтетикалық есірткімен ұсталды

Шымкентте әйел 20 пакет синтетикалық есірткімен ұсталды

Шымкенттік әйелден сатуға дайындалған 20 пакет синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өзімен бірге заңмен тыйым салынған затты алып жүрген әйелді полицейлер Сарыағаш қаласынан ұстады.

Тексеру кезінде оның сыртқы киімінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді есірткіге ұқсас заты бар 18 дана пакет табылды. Тұрғынның үйін тінту кезінде синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар екі дана пакет, электронды таразы мен басқа да айғақты заттар тәркіленді, - делінген мәліметте.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған зат салмағы 20 грамнан асатын мефедрон болып шықты.

ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.