03.06.2023
14:55
1082
Шымкентте аудандық полиция басқармасының лауазымды басшысы ұсталды

Шымкентте аудандық полиция басқармасының лауазымды басшысы ұсталды

Шымкентте арнайы шара барысында аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаладағы бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында ҰҚКД мен Шымкент қаласы ПД ӨҚБ-ның қызметкерлері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстаған.

Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған ІІМ таратқан мәліметте. 

Шымкент қаласы ПД-нің басшылығы мен басқа да құқық қорғау органдары “погондағы теріс пиғылды адамдарды” анықтау жұмыстарын жалғастыра беретінін мәлімдеді.