Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді

17 Наурыз, 17:40 653

Шымкентте жыл басынан 5 мыңға жуық сәби дүниеге келді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, шаһарда әр 15 минут сайын бір сәби жарыұ дүние есігін ашады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

17 наурыз - «Шаңырақ» күніне орай қаладағы перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жаңадан босанған аналарға «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.

Наурызды тойлау бүгін Шаңырақ күнімен жалғасуда. Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады. Міне соның арқасында біздің қаламыз еліміздің дамуына ерекше үлес қосып отыр деп айта аламын. Мемлекет басшысы, үкіметімізде біздің халықтың санының молаюына ерекше мән беріп, қолайлы жағдай жасап отыр, - деді Сәрсен Абайұлы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда қала бойынша төрт перзентхана жұмыс істейді. Шаһарда жыл басынан бері 4911 сәби дүниеге келді. Оның 2493-і ұл және 2418 қыз баласы.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: