Шымкентте Алпамыс дүниеге келді

10 Мамыр 2023, 17:10 1745

Шымкентте бүгін таңда алып бала өмірге келді. Оның салмағы 6 келі. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігінің Шымкенттегі тілшісі хабарлайды.

Дүниеге әкелген ананың жасы 31-де. Оның айтуынша, бұл сәби үшіншісі. Есімін Алпамыс деп атап отыр. 

Дәрігерлер екеуінің де жағдайы жақсы екенін, бірақ келесі аптада ғана үйлеріне шығаратынын айтады. 

- Шақалақтың туғандағы салмағы - 6000,0 гр, бойы – 65 см болды. Анасында ешқандай жыртылу болған жоқ. Алайда Алпамысқа ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалап тұруымыз қажет,”-дейді босану бөлімшесінің меңгерушісі Қарлығаш Альжанова. 

Эльмира Жапарбекқызы
Бөлісу: