7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Шымкент қалалық ауданаралық қылмыстық сотта жол-көлік апатына кінәлі деп танылған жүргізушіге үкім шығарылды. Сот оны ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.
Қайғылы оқиға Қасым хан көшесінде болған. Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы жүргізуші куәлігі жоқ күйінде Toyota Camry көлігін тізгіндеген. Көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, жәбірленушінің автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан сотталушының жолаушысы ауруханада көз жұмды, тағы екі адам түрлі жарақаттар алды.
Сот отырысы барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, болған оқиғаға өкініш білдірді. Алайда жәбірленуші тарап кешірім беруден бас тартып, қатаң жаза тағайындауды талап етті. Мемлекеттік айыптаушы да нақты бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, ауырлататын мән-жайлардың болмағанын назарға алды, – делінген сот хабарламасында.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар апелляциялық шағым түсіруге құқылы.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?