Шымкентте 9 жастағы бала токқа түсіп қалды

6 Тамыз 2022, 17:26 2274

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді

Шымкентте 9 жастағы баланы ток соғып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz порталы

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 09.25-тер шамасында Ерімбетов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Зардап шеккен бала анасының айтуынша, баласы үйдің жертөлесінде орналасқан электр қалқанындағы токқа соғылған.

«Балаға бас терісінің күйігі, 3 дәрежелі электр жарақаты деген диагноз қойылған. Қазіргі таңда ол қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда» делінген ТЖД хабарламасында.

Бөлісу: