Шымкентте 8 мың тоннаға жуық мазут заңсыз сатылған

6 Қыркүйек 2022, 10:00 1571

Департамент қызметкерлеріне сот жазасы шықты

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері 1,1 млрд теңгеден астам сомаға 8 мың тоннаға жуық мазуттың заңсыз сатылғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz агенттікке сілтеме жасап.

Осылайша, екі кәсіпкерлер белгісіз тұлғалардан мазут сатып алып, әрі қарай шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз түрлі компанияларға мазутты заңсыз өткізген. Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу: