"Сотталушылардың бірі – жеке кәсіпкер. Оның атына және туыстарының атына жеке субъектілер ашылған. Бұқаралық мәдени шаралар өткізеді деген желеумен бұл субъектілерге мемлекет қаржысы жіберіліп отырған. Сот залынан босатылған үш сотталушыға келсек, олар мәдениет басқармасының басшысы, басшының міндетін атқарушы және есепші. Есепші 7 жылға шартты түрде сотталды", – деді судья Әбсаттар Шахидинов.
Ал мәдениет басқармасының бас есепшісі мен кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. "Мәдениет үйі" концерттік ұйымының бас есепшісі 8 жылға сотталды.