Шымкентте 52 жастағы әйел суицид жасамақ болды

4 Қараша, 00:25 609

Шымкентте 52 жастағы әйел бесінші қабаттан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Құтқарушыларға куәгерлердің бірі хабарласқан. Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер әйелді райынан қайтармақ болып, әңгімеге тартқысы келген. Бірақ қала тұрғыны сөйлесуден бас тартыпты.

Осы сәтте құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі арқылы пәтерге жетуге асыққан, ал жүргізуші төртінші қабаттағы пәтердің балконына автосатыны орнатқан. № 5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алпамыс Талипов әріптестеріне көмекке келген. Ол автосаты арқылы төртінші қабаттың балконына көтеріліп, жақтауға шыққан. Әріптестері пәтерге кіргенге дейін әйелді төменнен ұстап тұрған. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында әйел аман қалды.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар тұрғынды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Перизат Саденова
Бөлісу: