Шымкентте 406 батыр анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

12 Мамыр, 07:27 9705

Шымкентте Аналар күні мерекесіне орай 406 батыр анаға "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" табысталып, сыйлықтар тарту етілді, деп хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Тұран ауданында алтын құрсақты 18 ана «Алтын алқа», 52 әйел «Күміс алқа» иегері атанды. Ал Абай ауданында 26 ана «Алтын алқа» және 101 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталса, Қаратау ауданында 18 анаға «Алтын алқа», 68 тұрғынға «Күміс алқа» табысталды.

Еңбекші ауданында 5 анаға «Алтын алқа», 31 әйелге «Күміс алқа» беріліп,Әл-Фараби ауданы бойынша 17 батыр анаға «Алтын алқа», 70 әйелге «Күміс алқа» иегері атанды.

1 наурыздағы соңғы статистикалық мәліметке сүйенсек, Шымкент қаласы бойынша көпбалалы аналар саны – 64 134. Оның 12 608-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған.

Қала бойынша ең жас көпбалалы ана 27 жастағы Зарина Ортай. Оның 6 баласы бар.

Айта кетейік, мамыр айының екінші жексенбісінде елімізде Аналар күні мерекесі атап өтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: