Шымкентте 3 млн қарызы бар жүргізуші анықталды

13 Наурыз, 21:25 715

Шымкентте «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер Республика даңғылында берешегі бар көлік иесін тоқтатқан. Яғни, тәртіп сақшылары планшетте орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы заң бұзушының басқаруындағы «Mercedes-Benz» туралы сигнал алған.

Ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша 3 млн теңге қарызы бар екені белгілі болды.

Жүргізушіге төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қойылды. Қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін автокөлігін қайта ала алады,-делінген полиция мәліметінде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: