Шымкентте 226 кәсіпкердің құқықтары қорғалды

31 Қазан, 20:15 394

Еңбекші ауданы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік кірістер басқармасымен 226 кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 14 маусымда кәсіпкер «С» Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 208-бабының (Салықтық өтінішті, салықтық есептілікті ұсыну тәртібі) талаптарын бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу барысында Басқарма ҚР ӘҚБтК-тің 744-бабына сәйкес оған істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарламағаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі арқылы лауазымды тұлғаның заңсыз шығарылған қаулысының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Уәкілетті органның жауапты тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: